0:00 / 0:00
14-қаңтарда кешкі уақытта Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылында кәсіпкердің отбасын өлтіріп кетті. Пышақталған үш адамның денесін жеке үйден шыққан өртті сөндіруге келген адамдар тауып алады. Кісі қолынан ажал құшқандар- 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, оның 65 жастағы әйелі Валентина және 42 жастағы ұлы Сергей болып шықты. Янайкин ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзиннің айтуынша, Александр Запрометов осы ауылда 20 жылдан аса уақыттан бері тұрды. «Янайкин» кеңшарына басшылық етіп, кейін «Лесное» ЖШС-ын құрды. – Ауылдың орташа дәрежеде тұрып жатқан азамат. Қызметке жуырда келгеннен соң, сырттай танимын. Қоғамдық кеңес мүшесі.Марқұмдарды жерлеуге көмек беріледі,– деді Янайкин ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзин. Ауылдықтар болса тұрғын үйде өрт шығып оны сөндіруге келгендерін айтады. Алайда үй иелерінің өлімі туралы хабарды тек оқиға орнынынан білген. БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың айтуынша жеке үйдегі өрт сөндіру кезінде зорлықпен өлтірілген 1953 және 1977 жылғы ер адамдардың, 1954 жылғы әйелдің зорлықпен өлтірілген денелері табылды. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөліміне сәйкес (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалған.Осы орайдап аталмыш қайғылы оқиғаға қатысы бар адамдарды жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.