Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Күзгі әскерге шақырту науқаны басталды

c 18:01, 03/09 c 12

БҚО-да күзгі әскерге шақырту науқаны басталды. Әскерилердің айтуынша, соңғы кездері өз еркімен Отан алдындағы борышын өтеушілер қатары артып келеді. 1 қыркүйектен бастап БҚО аумағында күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталады. Бүгінде 18-27 жас аралығындағы 600-ге жуық азамат еліміздің Қарулы Күштерінде және басқа да әскери құрылымдарында Отан алдындағы борышын өтейді. Мәселен, Сырым ауданының тумасы Саят Нәсіпқалиев оқуын аяқтап, енді Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанып барады.Әскерге шақыру SMS-хабарламалар немесе үйіне және жұмыс орындарына дербес шақырту қағаздарын жіберу арқылы жүзеге асырылады. Бұл шараларды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырып, оның іске асуын қамтамасыз етеді. Айта кетейік, кейбір санаттағы азаматтар әскери қызметке баруды кейінге қалдыра алады. Мәселен отбасы, денсаулық жағдайлары бойынша, білім алуды жалғастыру үшін уақытша босатылады. Ал әскерге шақырылған азаматтарды ынтыландыру мақсатында жоғары оқу орнына ҰБТ-сіз түсуге мүмкіндік бар. Сонымен бірге әскерге алынған азаматтың несиесі болса, оған 13 айға кредиттік каникул беру де қарастырылған.Өткен көктемде мерзімді әскери қызметке шақырылған жастар түгелдей әскерге аттанып, жоспар 100% орындалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.