Бүгін Орал қаласында жедел құтқару жасағы қызметкерлері шеберліктерін сынға салды. Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы және құтқарушы күні мерекесіне орай 14-16 қазан аралығында "Ең үздік бөлімше" , "Ең үздік құтқарушы", "Ең үздік құтқару бөлімінің басшысы" номинациялары бойынша байқау өткізілді. Байқауға 4 бөлімше қатысып, құтқарушылар 3 бағыттағы 8 кезең бойынша сыналды. Әр кезеңде әр түрлі қиындықтар мен күтпеген оқиғаларға тап болып, шешудегі мықтылықтары тексерілді. БҚО ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жасағы қызметі түрлі жағдайға тап болған адамдарды құтқару және апатарды ауыздықтау жаттығулары бойынша сайысқа түсті. Мақсат-қауіп төнген кезде адам өмірін сақтап қалу үшін қажетті біліктілікті шыңдау, физикалық дайындықты ширату, үздіктерді анықтау.