Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚҰТҚАРУШЫ АРУЛАР

c 18:07, 09/03/2023 c 85

0:00 / 0:00

Радиобайланысшының қызметі көзге көрінбейтін жұмыстай көрінеді. Алайда өрт сөндіру қызметі бөліміндегі негізгі жұмысшы күшін радиобайланысшы маман атқарады. 101 пультіне хабарлама түскен мезетте жеке құрамды түгендеп, адам өмірін сақтап қалудың амалына көшеді. Міне, осы тұста уақытты жоспарлау мен жылдам әрекет жасаудың радиобайланысшыға қаншалықты байланысты екені сезіледі. Мәселен, радиобайланысшы Әлия Тлифтенованың бұл салада қызмет атқарғанына 20 жылдан асты. №6 өрт сөндіру қызметі бөліміндегі әр жұмыс күнінде әр алуан оқиғаға тап болып, тұрғындармен бірге қиындықты бастан өткеретінін айтады.

Осылайша, ер азаматтармен иық тірестіре еңбекке араласқан Әлия Тлифтенова «радиобайланысшы болу қоңырауға жауап беру ғана емес, өзгенің өмірін сақтау», - дейді. Сондай-ақ құтқарушы Альбина Жұмабекова да алуан кәсіптің арасынан кинолог мамандығын таңдапты. Иттерді кәсіби бағытта дайындап жүрген Альбина сенімді серігімен жұмыс жасаудың сыры тәжірибеге байланысты екенін айтады.

Тұрғындардың алғысына бөленген құтқарушы мамандар бұл салада еңбек ету қоғам тыныштығына атсалысумен пара-пар деп санайды.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.