Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құтқару техникалары жетіспейді

c 17:51, 01/06/2021 c 427

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің арнайы авариялық-құтқару қызметкерлері жыл басынан бері жедел дабылмен 588 оқиға орынында болып, 410 тұрғынды ажалдан арашалап қалған. Олардың 89-ы балар болса, 511 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 77 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілген.Бұл туралы БҚО ТЖД ғимаратында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен авариялық-құтқару техникасы мен құралдарының таныстырылымы бойынша өткен кеңес отырысында айтылды.Соңғы төрт жыл ішінде аудандардан ашылған өрт бекеттеріне 16 өрт сөндіру техникасы берілді. Бүгінгі таңда департамент құрылымдарының қажетті техникалармен қамтылуы 46,6%-ды құрайды. Бұл түйіткіл төтенше жағдайлар орын алған кезде тұрғындарға қажетті көмек көрсетуге үлкен қолбайлау болып отыр. Қолда бар арнайы техникалардың біразының тозығы жеткен. Өрт сөндіруге қажетті автокөліктер мен авариялық-құтқару жасақтарына арнай техникалар алу мәселесі туындап отыр. Сонымен қатар судан құтқару көліктері мен сүңгуірлерге арналған арнайы киімдер де жетіспейді.
Соңғы үш жылда төтеншеліктер жеті мыңнан аса оқиға орнынан табылып, екі мыңдай адамды өлім ауызынан құтқарған. Сонымен қатар өңірде орын алған 1893 өрт оқиғасы ауыздықталып, 84 адамның өмірін тілсіз жаудан аман алып қалған. Облыс көлеміндегі бес мыңнан астам нысан өрт қауіпсіздігіне тексеріліп, 24 мыңдай нысанның белгіленген тәртіпке сәйкес келмейтіндігі анықталған. Кеңесте сөз алған «Агрореммаш» АҚ бас директоры Мирлан Бисенов, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ бас директоры Александр Гнеломедов, «Астел» АҚ өңірлік директоры Анатолий Ким өз кәсіпорындарында өндірілетін төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті өнімдермен таныстырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.