0:00 / 0:00
Базарлар бейсенбіге дейін түскі 13:00 ал жұма, сенбі, жексенбіде кешкі 16:00-ге дейін жұмыс жасайтын болады. Осы шешімге келіспеген кәсіпкерлер бүгін орталық базар аялдамасында базыналарын жеткізді. Өңірде коронавирус инфекцияна шалдыққандар саны 800-ден асты. Осы орайда пандемеямен күресу жолында бірқатар шаралар қайта қолға алынды. Карантиндік режим жұмсартылғанымен оның талаптарына бой ұсынбаушылықтың салдары бірқатар автобустардың жұмысын уақытша тоқтатып, тіпті жұмыс жүру кестесін өзгертуге әкеп соқты. Бас санитар Мұқамғали Арыспаевтың қаулысымен қоғамдық көліктер қызметі таңғы 6-дан түскі 12-ге дейін, одан соң кешкі 5-тен 9-ға дейін шектелді. Ал қоғамдық көлік жүргізушілері осы орайда 11-ден кейін автобустарда тұрғындардың қатары көп екенін, халықты діттеген жеріне жетпей, түсіріп тастай алмайтындарын жеткізді.Осы орайда сала мамандары қабылданған шешімге тұрғындарға түсіністік таныту қажеттігін еске салды. Өйткені аурушаңдық көрсеткіші 15 маусымға дейін өсе берер болса ұзартылған карантиндік режимі одан әрі жалғасуы да бек мүмкін.Жұқпалы аурулар аурханасында бүгінде 143 адам бар. Провизорлық стационарда - 18, карантиндік стационарда - 130 пациент бақылауда. Жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатқандардың сегізі - балалар. Аурудың жеңіл түрімен 52, ауырлығы орташа түрімен 78, ауыр түрімен 7 науқас ем алуда. Өкпені жасанды желдету аппаратына 4 науқас қосылған.