Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыста қателік бар ма?

c 17:51, 28/02/2020 c 488

0:00 / 0:00

Оралдағы "Марина" кафесінің құрылыс жұмыстарына тұрғындар наразылық танытуда. Көненің көзіне айналған нысанды қайта жаңғырту жұмыстары өткен жылдың күзінде басталған болатын. Оралдықтардың титығына тиген қандай мәселе? Құрылыс барысында айтарлықтай өзгеріс жоқ болғанымен жаңғырту тұрғындарға қолайсыздық туғызыпты. Ал, Назарбаев даңғылы 224/1 мекен-жайындағы көп қабатты үйді мекен еткендер жөндеу жұмыстары кезінде терезелер жабылып қалды деп деп наразы.Осы орайда құқыққорғаушы Павел Кочетков кәсіпкерлік субьектісінің қайта жаңғырту шаралары тұрғындардың өмір сүруіне кедергі келтірмеуі қажет екенін айтады. Яғни бұл жұмыстар басталмас бұрын екі жақты өзара ортақ шешімге келуі керек дейді. Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Бауыржан Болатұлы бұл жерде дау туындайтындай жағдайдың жоқ екенін айтады. Кәсіпкер аталмыш дәмхана құрылысының жобасына ешқандай өзгерістер енгізбеген. Тек ғимарат апатты деп танылғандықтан қайта жаңғырту шаралары жүргізілуде. "Марина" дәмханасы "ЖК Мончевскийге" тиесілі бизенес нысаны болып табылады. Кәсіпкер тұрғындармен келіссөздер жүргізілгенін, алайда олар қосымша қаржы сұрап отырғанын мәлімдеді. Келіссөз дұрыс болмады ма, жоқ әлде даудың басы шынымен қолайсыздыққа төленетін өтемақыға келіп тіреліп отыр ма? Ол жағы әзірге беймәлім қалып отыр. Дегенмен мәселе телеарна назарында болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.