Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылысшылар күні аталып өтілді

c 17:46, 09/08 c 34

0:00 / 0:00

Құрылыс – азаттық алғалы қарқыны бәсеңсімеген саланың бірі. Осы жылдар ішінде мыңдаған баспана, жүздеген әлеуметтік нысан, өндіріс орындары бой түзеп, инженерлік желілер тартылды. Өңірдің өркенді дамуына айрықша үлес қосқан сала мамандары өз мерекелерінде құрметке бөленді. «Атамекен» өнер ордасында өткен салтанатты жиында құрылысшыларды облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтап, төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етті. Құрылыс индустриясы - экономиканың негізгі іргетасы. Биыл да саланың дамуы қарышты. Мәселен, облыс бойынша 3210 пәтер салынып жатса, соның тең жартысы-Орал қаласында. Жаңа үйлердің еселеп артуы көктемгі тасқынмен де байланысты. Өйткені панасыз қалған тұрғындарды қысқа мерзімде баспанамен қамтуға өңірдің құрыш білек құрылысшылары еселі үлес қосуда.Салтанатты жиында өңір келбетін көркейтіп, халық тұрмысын жақсартуға өз үлесін қосып жүрген жандар қошеметке бөленді. Оларға «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі, облыс әкімі мен салалық министрліктердің алғыс хаттары мен құрмет грамоталары табысталды. Үздіктер қатарында Нағым Өтепқалиев те бар.Аймақта биыл өздеріңізге белгілі құрлыс саласына түскен жүктің салмағы ауыр. Төтенше жағдайды жою мақсатында 775 үйдің құрылысы жүріп жатса, аз қамтылған отбасылар үшін 50-ден аса баспана тұрғызылуда.Құрылыс саласы - өңір күш-қуатының көрінісі. Әрине алда алар асу көп. Тиісінше құрылысшылар қауымына артылар жүк те салмақты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.