Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс қарқынды

c 18:01, 12/07/2019 c 807

0:00 / 0:00

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында Батыс Қазақстн облысында жалпы саны 3036 пәтер болатын 136 тұрғын үй салынуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында БҚО құрылыс басқармасы басшысы Әлібек Антазиев мәлімдеді. Облыста тұрғын үй құрылысы қарқын алды. Жыл басынан бері 245 мың шаршы метр баспана қолданысқа берілген. Желтоқсан айына дейін тағы осынша көлемде үй салынады. Қазір «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Оралда -15, Ақсайда - 2 көп қабатты және аудандарда 119 тұрғын үй бой көтеруде. Бұл шамамен 3 мыңдай пәтер. Бұл мақсатқа 16,1 млрд. теңге бағытталуда. Оның 13,2 млрд. теңгесі тұрғын үй салуға, 2,9 млрд. теңге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына арналған. Биыл жалпы аумағы 449 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланған болатын. Жыл соңына қарай облыс орталығында 9 көп қабатты үй және ауылдарда 50 баспана тұрғызылады. Бұл өткен жылдың осындай кезеңінен 4,7 пайызға артық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.