0:00 / 0:00
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыста 20 көппәтерлі тұрғын үй, яғни 2 704 пәтер және ауылдарда 440 пәтерлі 70 тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Осы мақсатқа 11,1 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Оның ішінде тұрғын үй құрылысына 8,7 млрд теңге және инженерлік коммуникация жүргізуге 2,4 млрд теңге бөлінген. Өткен жылы облыста 430 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне берілсе, биыл 450 мың шаршы метр үй тапсырылмақ. Сонымен қатар 833 пәтерді құрайтын, жалпы аумағы 54,2 шаршы метр жалдамалы тұрғын үй әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға арналып салынуда. Орал қаласында осындай 2 көп қабатты үй бой көтермек. Бүгінде 19 мыңнан аса тұрғын баспана кезегінде тұр. Ақсай қаласынан бір көп қабатты (38 дақ), аудан- ауылдардан 50 тұрғын үй осы бағытпен салынуда. Сонымен қатар Орал қаласы, Зашаған кентінен 2 көп пәтерлі тұрғын үйді көп балалы отбасыларына арнап салу жоспарлануда. Облыс орталығында 14 үйдің, сондай-ақ өңірдің 5 ауданында тұрғын үй салу үшін жалпы ұзындығы 132,0 шақырымды құрайтын инженерлік-коммуникациялық желілер тартылуда. Құрылыс салынатын орындарға «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы қажетті желілер тартылған соң биылғы жылы 1 881 жер телімі тұрғын үй салуға берілмек. Сондай-ақ Орал қаласындағы тозығы жеткен, апатты жағдайдағы сүрілген 4 көп қабатты (37 пәтерлі) тұрғын үйдің орынына 282 пәтерлі 4 көп қабатты үйлер салынуда. Биылғы жылы 408 пәтерлі 5 көп қабатты тұрғын үй салу жоспарда болса, сол үйлердің 40 пәтері апатты жағдайдағы пәтер иелеріне беріледі.