Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Батыс су арнасы» ЖШС 2020 жылдың 27 ақпанында сағ. 19.00-де «Нефтэк» и «SinoOil» АТС қарсы – Шолохов көшесінің бойындағы Д 1000мм өздігінен ағатын кәріз коллекторында құдықтың бұзылуы орын алғаны туралы хабарлайды.
Шолохов көшесінің бойындағы саяжай алқаптарын («Локомотив», «Ардагер» б/қ) ағынды сулар басу қаупіне байланысты Жерасты сутартқысы апатты тәртіпте тоқтатылды және қаланың Солтүстік-Шығыс бөлігіне су беру тоқтатылды (№№9,7,6,5,4, Солтүстік-Шығыс, Строитель шағын аудандары, Айгүл ауданы, Жұлдыз шағын ауданындағы, «Березка» дүкенінің ауданындағы жеке сектор, сонымен бірге Трекино а., Асан а., Мичурино а., Новенький а.). Сонымен қатар қала бойынша судың қысымы төмендетілді.
Апатты жою және суды тоқтату туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Әлеуметтік мақсаттағы нысандарға (ауруханалар, мектептер, бала бақшалар және т.б.) суды жеткізу бірінші кезекте ұйымдастырылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз!