0:00 / 0:00
Табиғаттың төл баласы-киіктердің лақтайтын кезі «Құралайдың салқыны» деп айтылып кеткен. Мамыр айының орта кезінде ауа-райы құбылмалы болып, біресе жылып, біресе суып, жел тұрып, жаңбырлатады. Табиғаттың бұл тосын мінезі ақбөкендердің лағын қорғау үшін, олардың тезірек аяқтан тұрып кетуі үшін өте қолайлы дейді киелі киікті қорғаштап жүрген инспекторлар. Ақмола облысының Жақсы ауданы Тайкеткен жері киіктердің төлдейтін аймағы. Жануарлар дүниесін қорғайтын инспекторлар бұл жерді киіктердің перзентханасы деп атайды.Біздің арна тілшілері инспекторлардың бір күндік жұмысымен танысып, ақбөкендердің төлдеу сәтін түсіріп қайтқан еді.
Құралайдың салқынында ауа-райы күрт бұзылады. Жел тұрып, жаңбыр құяды. Бұл кезең бір аптадан 10 күнге дейін созылады. Мамыр айының ортасында орын алатын бұл сәтте дала киесі-ақбөкендердің толық лақтап үлгереді. Киік лақтаған жерге назағай ойнайды деген ырым бар. Осы бір қолайсыз ауа-райы жаңа туған құралайдың желге қарсы жүгіріп, тынысын ашып, тез аяқтанып кетуіне мүмкіндік береді. Бір ғажабы, киік қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп үлгереді дейді инспекторлар.
Осыдан үш –төрт күн бұрын Ақмола өңірін жайлаған 70 мың бас киіктің төлдеуі басталды. Ақмола облысының Жақсы ауданы Тайкеткен жері киіктердің төлдейтін аймағы. Жануарлар дүниесін қорғайтын инспекторлар бұл жерді киіктердің перзентханасы деп атайды.Жаңа ғана төлдеген киіктер адам қарасы көрінгенде лақтарын тастай салып, қашты. Түсірілім тобы енді туған лақтарды тамашалап, олардың аяқтан тұрып жатқан сәтіне куә болды. Осылайша киіктер ен далаға лағын тастап жүре береді екен. Киелі киіктің баласын «түйетабан» деп атап кеткен өсімдіктер қорғайды. Аса үлкен жасылдау-қызғылт түсті жапырақтары жаңа туған киік құралайын жасырып тұрады . Жаңа туған құралай екі сағаттың ішінде аяғынан тұрып, сарыдаланы тез меңгеріп алады. Ал аналары төлдерін жолай іліп алып, бетпақдалаға бет бұрады. Өкінішке орай, табиғаттың осы бір керемет сыйы-ақбөкендердің мүйізі броконьерлер үшін таптырмас пайда болып тұр. Заң қатаңдатылып, жаза күшейсе де ашкөз қылмыскерлердің тәбеті таусылар емес. Өткен жылы броконьерлерге қатысты 8 қылмыстық іс қозғалды.
Броконьерлерден киік ғана емес, жануарлар әлемін қорғап жүрген инспекторлар да зардап шегуде. Қанды қол қылмыскерлердің қолынан қаза тапқандары да бар. Олар киік аулауға әбден қаруланып шығады. Көліктерін сайлап, қаруын мықтап, тіпті иснпеткорлардың жолын бөгейтін әдістерін ойлап тапқан. 10 жылдан бері ен далада күн-түн демей еңбек етіп жүрген инспектор Әлиев талай жағдайға тап болдым дейді.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында диқандар киіктер егінге түсіп жатыр деп шағымданған болатын. Алайда, инспекторлар егінді таптап кетіп жатқан киік көрген жоқпыз, бұл броконьерлердің киік көбейді, оны атуға рұқсат беру керек деген қитұрқы әрекеті дейді олар. 2019 ж деректе елімізде киіктердің популяциясы 55 пайызға артқан. Жалпы саны 334 мыңнан асты.