0:00 / 0:00
Бұл-Айғаным Муканаева. Ол 15 жылдан бері іс тігеді. Қаламыздың тұрғыны іс тігіп қана қоймай, ұлттық дәстүрді дәріптеп келеді. Айғаным әжейдің қолынан шыққан туындылар көздің жауын алады. Шебер құрақ көрпені жасап шығу үшін 2 күндей тапжылмай жұмыс істеу керектігін айтады.
"Құрақ көрме" көрмесі он саусағынан өнер тамған жандардың басын қосты. Шараны іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды.
Оралдықтар құрпақ көрпелер көрмесіне көзайым болып, кейбірі ұнаған бұйымдарын сатып алып жатса, енді бірі қолөнер үйрену үшін сабаққа жазылды.
Сурет https://egemen.kz/ сайтынан жүктелді