Оралда күнбағыс майы 13%-ке қымбаттады. Сала мамандары бағаның бұлай өсуін шикізаттың өткен жылы пандемияға байанысты дұрыс жиналмағанымен байланстырады.Негізгі себеп - маусымдық тапшылық пен сырттан келетін шикізат бағасының өсуі. Қазір шекті баға енгізіліп, келісімдер жасалып, тексеру жүргізіліп жатыр. Мысалы, күнбағыс майының литріне 624 теңге көлемінде шекті баға белгіленген.Айта кеткен жөн, 2019-2021 жылдарға тұрақтандыру қорына облыстық бюджеттен жалпы сомасы 550 млн. теңге қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда соның 308,8 млн. теңгесіне алынған өнімдерден азық-түлік қоры қалыптасқан. 19 азық-түлік түрінің 9 түрі бойынша материалдық резерв бар. Ал қала тұрғындары бағаның бұлай өсуі қалтаға оңай соқпайтынын айтады. Мәселен, өткен аптада шағу майдың литрі 605 теңгеден болса, қазір оның құны - 745 теңге.Сондай-ақ, сәбіз, тауық еті, қырыққабат, қарақұмық жармасы мен сары майдың да құны шарықтаған. Өңірде 10 түрлі азық-түліктің бағасы өсті. Атап айтқанда, картоп 15%, жұмыртқа мен күнбағыс майы 13%, ал қант 5,2, пияз 3,3 пайызға қымбаттады.