0:00 / 0:00
Ертең облыстың басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Солтүстік және оңтүстік-батыс аудандарда түнде және таңертең жаңбыр күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста, сондай-ақ солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз кей жерлерінде дауыл болуы мүмкін, жел екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі. Ал, Оралда +32 градусқа дейін ыстық ауа райы күтіледі.