Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚҰМАР ОЙЫНДАРЫНЫҢ АРТЫНДА КІМДЕР ТҰР?

c 09:30, 16/05/2023 c 88

0:00 / 0:00

Өкінішке орай құмар ойындарына әскерилер бой алдыра бастады дейді депутаттар. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Құжатты талқылау барысында депутаттарды лудомания проблемасы алаңдатты. Мәжілісмен Руслан Берденовке қарулы күштер, әскер және ұлттық қауіпсіздік саласында қызмет етіп жүріп, ойынқұмарлыққа салынып кеткендерден және олардың жақындарынан анонимді шағымдар көп келеді екен.

Ойынқұмарлық қасіретке айналды. Жеңіл ақша тауып, жылдам баюды ойлағандар букмекерлік кеңселердің жарнамасына, құмар ойындар және интернет желісі арқылы ұсынылатын барлық бәс тігулерге алданып жатыр. Өкінішке орай бұл тұзаққа жастар ілігуде. Отбасы зардап шегіп, салдары қылмысқа алып келеді. Бас прокуратураның деректеріне сәйкес 2022 жылы 157 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық жасалса, оның 20 %-ы немесе 31 мыңнан астамы құмар ойындардың еншісінде. Өкінішке орай әскерилер арасында лудомания өршіп тұр. Депутаттарды Жақында Алматыдағы ҰҚК академиясында курсанттың қайғылы қазасына қатысты мәселе алаңдатты. Курсанттардың құмар ойындарға тәуелділігі мәселесіне қатысты тиісті бақылау жүргізіліп жатыр ма?, - деген мәселені көтерді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы орынбасарының айтуынша, курсанттың өзіне қол салу оқиғасынан кейін тиісті ведомство талдау жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде қылмыстық іс бойынша тергеуді полиция жүргізіп жатқанын айтты.

Комитет төрағасының мәліметінше, бұл ұлттық қауіпсіздік комитеті саласындағы қызметкерлер арасындағы ойынқұмарлыққа қатысты бір ғана дерек. Алайда, депутат Берденов бұл жауаппен келіспейді.Себебі, көз жұмған курсанттан да мәжілісменге анонимді хат келген екен. Яғни ҰҚК саласындағы қызметкерлер арасында да ойынқұмарлыққа бой алдырған баршылық дейді ол.

Мәжілісмен Берденов осыған дейін үкімет басшысына сауал жолдап, құмар ойындарын насихаттайтын сайттарды бұғаттауды, банктік карталар, POS-терминалдар, ұялы байланыс операторлары арқылы ойын шоттарының төлемдерін қабылдауға тыйым салуды талап еткенді. Алайда, үкіметтен жеткен жауапқа депутаттың көңілі толмай отыр.

Оның айтуынша, құмар ойындарының артында жәй адамдар отырған жоқ. Тіпті депутаттың өзіне шығып, гүлдеп тұрған бизнеске кедергі келтірмеуді ескерткендер де жоқ емес.

Мәжілісмен, Ұлттық статистика бюросының деректерін ұсынды. Құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу бойынша көрсетілген қызметтер бойынша соңғы үш жылда біздің азаматтар құмар ойындарына 1 трлн. теңгеден астам қаражат жұмсаған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы лудоманияны ауру деп танығанын еске салғымыз келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.