0:00 / 0:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күмәнін тудырған жеңіл рельсті көлік құрлысы бойынша күдіктілер анықталды. Бұл жайында бүгін өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департамент басшысы Сергей Перов хабарлады. Сондай-ақ, жаңа қаражат жымқыру схемасы анықталды. Бір жылдан бері жүріп жатқан тергеу ісі бойынша, шетел қашып жүрген жауапты лауазымды тұлғалар халықаралық іздеуде.
Мәтін. Елордада салынып басталған, кейін ақша жымқыру фактісі бойынша құрылысы тоқтап қалған жеңіл рельсті көлік құрлысының жыры бітер емес. Бұл жоба ел Президентінің күмәнін тудырып отыр. Дегенмен, үкімет пен әкімдік бастаған істі аяқтауды жөн санады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойныша, осы күмәнді жобаны тексеруді қолға алған жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, жаңа фактілерді анықтадық деп отыр.
Сергей Перов - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департамент басшысы; «Тергеу жаңа фактілерді анықтады.Қытайдың даму банкінен алынған ақша қаражатын "Астана банкінде" орналастырудың заңдылығы тексеріледі. Сонымен қатар, жаңа қаражат жымқыру схемасы анықталды. 2014 жылы "Астана LRT" ЖШС жоғары құны бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге келісім-шарт жасады. Мемлекеттік сараптама белгілеген құны 2,6 миллиард теңге, LRT 4,2 миллиард теңгеге шарт жасалды, оның 3 миллиард теңгесі мердігерлер төледі. Айырмашылық - 412 миллион теңге»
Бұл қаражат жалған кәсіпорындардың көмегімен қолма-қол ақшаға айналдырылып, жымқырылған. Бір жылға созылған тергеу барысында сол кездегі елорда әкімдігінің басшылары, "Астана LRT" ЖШС лауазымды тұлғалары мен жобаны іске асыруға қатысы бар мердігерлік ұйымдардың басшылары анықталды. Алайда, агенттік өкілі анықталған лауазымды тұлғалардың есімін тергеу бітпей хабарламай отыр. "Астана LRT" компаниясын басқарған Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланған.