Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚҰЛАҚҚАПТАН ҚАУІП БАР

c 16:22, 20/08 c 34

0:00 / 0:00

Ақпараттық технологияның дәуірі жүріп тұрған шақта жас та, жасамыс та ұялы телефонға тәуелді. Соңғы уақытта байланыс құралының жанына құлаққаптар серік болып қосылды. Дүкен сөрелерінде сапасы, брендіне байланысты түр-түрі бар. Қазіргі күні дыбыстық сигналдарды дербес тыңдау құралына жастар тым әуес. Алайда көздің құртына айналған құлаққап жас буынның денсаулығына кері әсерін тигізуде. Әсіресе, есту мүшесіне зақым келеді. Дәрігер Руслан Саханов қабылдауға келген науқастарға құлақтаптың зияны туралы жиі айтады. «Біздің – міндетіміз маман ретінде кеңес беріп, аурудың алдын алу. Нәтиже шығару науқастың өзіне байланысты», - дейді ақ халатты.

РУСЛАН САХАНОВ

№1 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАНЫҢ ОТОЛАРИНГОЛОГ-ДӘРІГЕРІ

Дәрігердің айтпағы, құлаққаптың даусын күшейтіп, оны ұзақ уақыт пайдалану кереңдікке шалдықтыруы мүмкін. Құрылғының қызығына түскен науқас есту мүшесінде ақау барын сезбей қалатын көрінеді. Қазіргі күні маусымдық шомылу науқанында құлақ ауруына шағым айтушылар көбейген. Десе де, олардың бірде-бірі кеселдің құлаққаптан пайда болғанын ұққысы келмейді.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

Әлемде құлаққаптың мыңнан астам түрі белгілі. Денсаулық жағдайын ойлап оны қолдануға мүлде шектеу қоймағанмен, режимді сақтау маңызды. Түрлі ақпарат сөздеріне сүйенсек, ең алғаш құлаққап 1958 жылы жарыққа шығыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.