Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛУ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ?

c 16:11, 09/07 c 49

Әділет органдары - өз құзыреті шеңберінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтық және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік органы. Мекеме функцияларының бірі - заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу. Бүгінде бұл қызмет оңай, әрі уақытылы қол жеткізуді талап етеді. Осы ретте, заң көмегін көрсететін тұлғалар үшін де, оны алатын азаматтар үшін де кең ауқымды функцияларды қамтитын «E-ZAN KOMEGI» ақпараттық жүйесі іске қосылған.

ӘЛИЯ ТАСЫБАЕВА

БҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Облыста 121 жеке нотариус жұмыс істейді. Оның 90-ы Орал қаласында, 31-і аудандарда. Өткен жылы ҚР Әділет министрлігі нотариаттық қызметтерді онлайн форматқа көшіру бойынша «Цифрлық нотариат» пилоттық жобасын іске қосты. Қазіргі уақытта нотариустар онлайн сенім хаттардың үш түрі бойынша куәландырады. Азаматтар көп жағдайда нотариустың жеке басын куәландыратын құжатты ресімдеуінің заңдылығын даулап, әділет органынан құжаттың күшін жою өтінішімен келеді.

ӘЛИЯ ТАСЫБАЕВА

БҚО ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Борышкер жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құжатты ресімдеген нотариусқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын жазбаша түрде хабарламамен жіберуге құқылы. Борышкердің қарсылығында мәлімделген талаппен келіспеу себептері қамтылуға тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.