0:00 / 0:00
Оралдағы мектеп оқушыларының арасындағы осы тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мақсатында бүгін шаһардағы білім ордаларының директорлары бас қосты. Шараға қалалық білім беру бөлімі мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.Тәртіп бұзушылық облыс орталығындағы үш мектептің 10 сынып оқушылары арасында болған. Әлеуметтік желі арқылы өткен демалыс күні таралған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 2-тармағымен (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалған. Осы орайда мектеп әкімшілігімен өткен жиналыста білім бөлімінің басшылары алдағы уақытта мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін тәрбие жұмыстарын күшейту қажеттігін мұғалімдерге ескертті. Ал директорлар атқарылып жатқан жұмыстарға есеп берді.Айта кету қажет бұл облыста орын алған алғашқы жағдай. Ал оның соңғы болып қалуы үшін мектеп ата-ана және оқушы тараптарының бірігіп жұмыстануы қажет. Бұл бүгінгі жиынның басты шешімі. Сондай-ақ бұл жеткіншектердің ісі Орал қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында қаралатын болады.