Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қуаңшылыққа байланысты қос ауданда ТЖ жарияланды

c 16:13, 07/08 c 33

Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы, Жәнібек аудандарында, Жаңақала мен Казталовтың жекелеген ауылдарында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин мәлім еткеніндей, биылғы жылы көктемгі күннің салқындығы және киік санының шамадан тыс артуы салдарынан Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарында қажетті көлемде мал азығын дайындауда қиындық туындады.Оның сөзіне қарағанда, бұл аудандарда шөптің өнімділігі әдеттегіден төмен болып, орташа өнімділік гектарына 1,9-1,8 центнерден аспай отыр. Басқарма басшысының айтуынша, есептемелер бойынша 4 ауданның 110 мың бас сиырын, 125,9 мың бас қой және 44,2 мың бас жылқы аналығын қамту жоспарланып отыр. Қажетті қаражат көлемі - 3 263,1 млн теңге. Тиісті қаражат облыстық бюджеттік комиссияда мақұлданды. Агроқұрылымдарды субсидиялауды тамыз айынан қалдырмай бастау көзделуде. Бөкей Ордасы мен Жәнібек пішенді өзге жерлерден, ал Казталов пен Жаңақала ауданның өз ішінен тасымалдамақшы. Оңтүстік аудандарды мал азығымен қамтамасыз ету үшін әрбір ауданға 10 мың рулоннан шөп қорын дайындау тапсырмасы берілді. Және аймақ басшысы бұл мәселені шешуге өзге аудан әкімдеріне де тапсырма берді.Сондай-ақ облыстағы орман шаруашылығы мекемелеріне аталған аудандардың жеке қосалқы шаруашылықтарын мал азығымен қамтамасыз ету үшін 1 мың рулоннан пішен даярлау тапсырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.