Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚТЖ-ҒА ТӨНГЕН ҚАУІП

c 15:26, 13/06 c 57

0:00 / 0:00

Жоғары аудиторлық палатаның ҚТЖ-ға қатысты есебі көңіл қоншытпайды. Соңғы төрт жылда теміржол саласын дамытуға шамамен 2 трлн теңге, соның ішінде бюджет қаражаты есебінен 332 млрд теңге жұмсалған.Алайда, қыруар қаржыны компания дұрыс жұмсамаған. Теміржол желілері, локомотивтер, вагондар әбден тозған", - деді Әлихан Смайылов. Өткен жылдың өзінде жолаушылар пойыздарының кешігуі 412 сағатты құрады немесе 2022 жылмен салыстырғанда 5 есе өскен. Смайыловтың айтуынша, бүгінде Қазақстан теміржолының халі мүшкіл. Кезінде өзін-өзі қамтамасыз еткен компания тиімсіз және консервативті басқару, мемлекет иелігінен дұрыс ойластырылмай шығару салдарынан бүгінде әрең күн көруде. Барлық табысы жоғары қызметтер меншік компаниялардың қолына берілген.

ҚТЖ-ның айналасындағы делдалдар пайдаға кенеліп отыр. Сатып алынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын 80 млрд астам теңгеге көтерген. Тізе берсек Қазақстан темір жолының айналасындағы былықтар көп. Жемқорлық жайлаған сала деп отыр депутаттар. Алайда мәжілісте мәселесі қаралапы жатқан ҚТЖ компаниясының біріншісі басшысы Нұрлан Сауранбаев төбе көрсетпеді. Оның бұл жиынға орынбасарын жібергені депутат Жаңбыршиннің ашуын тудырды.

Бас аудитордың есебіне оралсақ, 2020-2023 жылдары ҚТЖ жүк айналымының 73%-ы өзіндік құнынан төмен тарифтермен тасымалданған.Реттелетін тарифтер бойынша шығындар 907 млрд теңгені құрады, оның жартысынан астамы – экспорт бойынша. Бұл ретте, экспортқа арналған реттелетін тарифтердің деңгейі республика ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдау тарифтерінен төмен болды. Сондай-ақ, Смайыловтың мәліметінше жүк транзиті туралы толық мәлімет жоқ. Статистикалық деректер нақты жағдайға сәйкес келмейді. Сондықтан қабылданып жатқан шаралар тек вагон және локомотив паркін жаңартумен, сондай-ақ Қазақстанның шығысы мен оңтүстігінде жекелеген жолдар салумен ғана шектеліп отыр. Магистральдық желілер түбегейлі қайта жаңартылмайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.