0:00 / 0:00
Қаланың іргесінде орналасқан Круглозерный кентінің тұрғындары қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізушілердің тәртібін сынға алды. Ауыл тұрғындары 51 маршруттың таңертең келмей, соның салдарынан жұмысқа кешігіп, қалаға жарты жолда қалдырып кететін жайттарын ортаға салып, кешкісін үйіне қайтудың өзі мұң екендігін атап өтті. Круглознерныйлықтар өткен жылы да қоғамдық көліктің уақытылы қатынамауын айтып, мұң-мұқтажын атқарушы билік өкілдері баяндаған болатын. Алайда, уақыт өте келе аталмыш мәселе өз шешімін таппай келеді.
Круглозерный кенті шаһарымыздың іргесінде орналасса да ауыл тұрғындары әлі күнге дейін уақытылы қалаға қатынай алмай отыр.Тұрғындардың сөзінше, автобус таңертеңгілік уақытта уақытылы жүрмейтін көреді. Ал, кешісін азаматтар жұмыстан үйге қайта алмай әлек. Круглозерныйлықтар аталмыш мәселені көптен бері көтеріп келеді.
Қала әкімі азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдап, автобус паркінің иесіне облыс орталығы мен селолық округті жалғайтын автобустардың санын арттыруға тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, маршруттардың кестесін бақылауды тапсырды.
Круглозерныйлықтарды толғандырған сауалдардың бірі бала-бақша мәселесі еді. Себебі, жыл санап ауыл тұрғындарының саны артып келеді. Балабақшаға баруы тиіс бөбектердің де қарасы қалың.
Жас отбасыларды толғандырған сауалға балабақша ашуды жоспарлап жүрген кәсіпкер жағдайды былай түсіндірді.
Бұдан өзге ауыл тұрғындары жол салу, әсіресе күз бен көктемдегі жаяу жүргіншілер жолағының жоқтығын тілге тиек етіп, жарықтандырылмаған көшелердің атауын тізбектеді. Өткен жылдары Советский көшесінің жолы жөндеу көрген. Десек те, ауыл тұрғындары су құбырлары жарылған кезде, әлгі жөндеу көрген асфальт сүрілді. Жолды қалпына келтіру мәселесіне кім жауапты,- дейді.
Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп бекіткені баршаға аян. Сол себепті биылғы жылы Круглозерный кентінде жастарға арналған коворкинг орталық ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлерге арналған тұрғын үй салу қолға алынбақ.