Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК НҰРЖАНҰЛЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

c 18:04, 13/05 c 2

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев облысқа жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол жоғарғы білім беру саласының өкілдері және өңір жастары - университет студенттерімен жүздесті. Кездесу еліміздің іргелі оқу орындарының бірі - «ҚазИИТУ» ғылыми біоім беру кешенінде өтті.Шараға 150-ден аса адам қатысты.

Олардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қадырәлив және түрлі сала мамандары болды. Алдымен университеттің ғылыми жобалары мен техникалық жетістіктері таныстырылды. Оның ішінде робототехника, агроинновация және жасанды интеллект негізінде әзірленген құрылғылар бар.

Бұдан соң Университет құрылтайшысы Ақсерік Сарыұлы білім беру үдерісіндегі жаңа бағыттар мен жас ғалымдардың жобалары туралы баяндап берді. Бұл - университет қабырғасында оқып жатқан жастарға теория мен практиканы ұштастыра отырып, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретінін атып өтті.

Бұдан соң ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы өз сөзінде Көкшетау қаласында өткен жастар құрылтайына тоқталып, онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарға арналған нақты бастамаларын атап өтті. Атап айтқанда, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, білімге тең қолжетімділік сияқты маңызды бағыттар қозғалды.

Кездесу барысында жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ашық жеткізді. Қладағы ЖОО-дан жиналған болашақ мамандар қолға алынып отырған бастамалардың болашақ ұрпақ үшін аса маңызды екенін атап өтіп, Президент мен Үкіметтің жастарға деген қолдауына ризашылық білдірді.

 Шара соңында Президент кеңесшісі университет ұжымына шығармашылық табыс тілеп, жастарға сапалы білім мен табысты болашақ тіледі. Және студенттерге еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етуге шақырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.