0:00 / 0:00
Орал қаласында іссапармен болған үкімет басшысы Зашаған шағынауданындағы су жаңа үйдің құрылысымен танысты. 90 пәтерлі, 9 қабатты үй 6 айда салынған. Қазір барлық баспаналарға инженерлік жүйе тартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілген. Арна тілшісі Қуанар Мұсағалиева іс сапар барысынан толығырақ таныстрысын.
Пайдалануға берілгелі тұрған үй неміс технологиясы бойынша алты ай салынған. Заманауи талапқа сай келетін осындай баспаналар шаһарда жылдан жылға көбейіп келеді. Тек «Болашақ-т» мердігерлік мекемесінің өзі шаһардағы 10-ға тарта үйді осы технология бойынша салыпты.
5000 мың шаршы метрлік үйдегі 1 бөлмелі пәтердің көлемі 40 шаршы метр, 2 бөлмелі пәтерлер 60 шаршы метрлік, ал 3 бөлмелі пәтердің көлемі 85 шаршы метр. Тұрғындар қауіпсіздігі үшін әрбірінің кіреберісінде бейнекамера орнатылған.
Су жаңа үйдің құрылысымен танысуға арнайы келген үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа өңірдің даму жоспары да таныстырылды. Ал Зашағанда бой түзеген бұл баспана «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді.
Бұдан бөлек, жеке инвестициялар көлемінен 1600 пәтерді құрайтын 12 тұрғын үй бой көтеруде. Қала әкімінің айтуынша, баспана бағасы 15 млн теңгеден аспайды. Сондықтан да олар «7-20-25» бағдарламасына қатыса алады.