Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қожайынсыз қала

c 18:11, 08/10/2019 c 625

0:00 / 0:00

Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанның бүгінгі келбеті Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңілінен шықпай қалды.  Қала қожайынсыз қалған деді. Президентті қала стилінен бастап, газ құбырын тарту мәселесінің кешеуілдеп жатқаны, құрылыс тоқтап қалған Жеңіл рельсті көлік құрлысы, ана-мен бала өлім-жітімінің көп орын алуы, дауы бітепйтін үлескер мәселесі қатаң алаңдатып отыр. Бүгін елорда әкімдігінде Нұр-Сұлтан қаласының әрі қарай даму жолдары мәселесі талқыланған еді. Тоқаев қала әкімдігі ғимаратына Президент әкімшілігін, Үкімет мүшелерін түгел ерте келіпті.  Шахар басшысы Алтай Көлгіновтің қаланы дамыту жоспарын тыңдай келе, өз тарапынан бірқатар сындарды тізбектеп берді, тиісті тапсырманы жүктеді.

Сынның бәрі елорданы дамытуды талқылауға жиналғандарды отырғызудан басталды. Президентке бірден шақырылған қонақтардың қалай отырғаны ұнамай қалды.

Бүгінде 1 млн 100 мың халқы бар Нұр-Сұлтан қаласын дамыту үшін инвестиция тарту мәселесінде елорда соңғы жылдары артта қалып отырғаны айтылды. Ал тұрғын-үй құрылысының барысы да бәсеңдеп қалған. Үлескер есебінен үй салып жатқан компаниялар тарапынан әлі де болса алаяқтық жасап жатқандары тағы бар. Президент үлестік құрылыс мәселесін тез арада шешуді талап етті. Қалада 49 проблемалы нысан бар.

Бас қаланың тұрғындарының 40 пайызының - медициналық қызметке көңілі толмайды.Маман тапшы. Ана мен бала өлім жітімі көбейген. Мың адамға санағанда 6 бала өлімі, 8 ана өлімі тіркелді. Бұл тым жоғары көрсеткіш деді Президент. Ал сонау 1959 жылы салынған  орталық темір жол ауруханасында 60 жыл бойы жөндеу жұмысы жүргізілмегені Тоқаевтың ашуын келтірді.

Денсаулық министрі Елжан Біртановтан сұрап еді, ол әкімдіктің шаруасы деп құтылды. Ал әкім болса,  апатты жағдайда тұрған аурухананың  45 пайызының тозығы жеткенін айтты. Қалада 600 орындық  жаңа аурухана салынып, бұл аурухана толық сонда көшірілмек. Сондай-ақ, мемлекет басшысын қаланың келбеті алаңдатады екен. Көшелер мен ғимараттардың  бірыңғай стилі жоқ деп сынады. Қала қожайынның қарауысыз қалған деді.

Ел Президенті бүгінгі күні елорданың келбетіне көлеңке түсіріп тұрған жеңіл рельсті көлік құрылысын тиімсіз жоба деп сынады.  Күмәнді құрылысты аяқтау керек, амал жоқ деді. Ал осы жобаның ақшасын қолды қылған жемқорларды іздеп-табуды құзырлы органға жіті тапсырды.

Қала басшысы басталған жұмысты аяқтауға уәде берді. Тіпті бірқатар үнемдеу жұмыстарын да жүргізіпті.

Сондай-ақ, елорданы халықаралық орталықтармен тікелей байланыстыруды тапсырды. Ол үшін авиақатынасты дамыту керек. Бүгінде 30 халықаралық бағыт бар. Бірақ бұл аздық етеді. Тоқаев бір әуе компаниясына қарап қалмай, саланы дамытыңдар деді Үкіметке.

Айтпақшы биыл елордалықтар күткен газ келмейді. Себебі, бас қала газдандыру жұмыстарына дайын болмай шықты. Қаланың энергетикалық инфрақұрылымы «Сарыарқа» газ құбырын тартуға дайын емес. Нұр-Сұлтандықтар тағы да түтінге тұншығатын болды.

Елордада өмір қымбат. Азық-түлік бағасының құны шарықтап тұр. Президент бас қала көршілес облыстардағы тауар өндірушілермен етене жұмыс істеуі керектігін айтты. Бұл қалада тиісті инфрақұрылым жоқ деген сөз. Сауда орындары тапшы. Ұйымдастырушылар белгілі бір саудагерлерге ғана мүмкіндік беріп отыр деді.
Президент тізбектеп берген проблемалар бойынша тиісті тапсырманы жүктеп алған әкім, алдағы бес жылда бүкіл мәселені шешеміз деген таудай уәдесін арқалап кете берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.