Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОСЫМША ҚҰН САЛЫҒЫ 20% КӨТЕРІЛЕ МЕ?

c 17:49, 29/01 c 3

[youtube-video cod="3nKwXSQwT6M"

ремьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанға салық реформасы қажет және ҚҚС мөлшерлемесі көтерілетінін айтты. Мемлекет әлеуметтік функцияларды орындауы керек. Мемлекет салық жинамаса, оны қалай орындайды? Сондықтан ҚҚС мөлшерлемесін көтеруге ниеттіміз деді. Еске сала кетейік, Салық Кодексінің жобасы қазір Парламентте жатыр. Енді үкіметтің ұсынысы бойынша салық реформасын жүргізіп, қосымша құн салығын өсіру мәселесі депутаттардың сүзгісінен өтуі керек. Президент «жалпы реформа керек, бұл реформаны мақұлдадым. Енді оны талқылау керек, зерттеу керек. Биыл Мәжілісте қаралып жатқан  Салық кодексіне не болмаса Бюджет кодексіне назар аудару керек. Қателікке жол жоқ. Сондықтан іске кірісіңіздер»-деді. Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанға салық реформасы қажет және ҚҚС мөлшерлемесі көтерілетінін айтты. Мемлекет әлеуметтік функцияларды орындауы керек. Мемлекет салық жинамаса, оны қалай орындайды? Сондықтан ҚҚС мөлшерлемесін көтеруге ниеттіміз деді. Еске сала кетейік, Салық Кодексінің жобасы қазір Парламентте жатыр. Енді үкіметтің ұсынысы бойынша салық реформасын жүргізіп, қосымша құн салығын өсіру мәселесі депутаттардың сүзгісінен өтуі керек. Президент «жалпы реформа керек, бұл реформаны мақұлдадым. Енді оны талқылау керек, зерттеу керек. Биыл Мәжілісте қаралып жатқан  Салық кодексіне не болмаса Бюджет кодексіне назар аудару керек. Қателікке жол жоқ. Сондықтан іске кірісіңіздер»-деді.

Министрлер кабинеті болса, қосылған құн салығының мөлшерлемесін 20 пайызға көтеру ұсынысын әлемде ең кең таралған әдіс деп отыр. Вице-премьер Жұманғарин әлі нақты шешімге келген жоқпыз. Бұл мәселе экономистер мен сала мамандарымен талқыланады дейді. Ал бизнес қауымдастығы болса, қосымша құн салығы  көтерілсе инфляция шарықтап,баға өседі деп отыр. Үкіметтегілер  мұны жоққа шығара алмады. Айтарлықтай баға өспейді деп жұбатады.

Снх. СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІЖұманғариннің мәліментінше,  елімізде тіркелген 2 миллион 300 мыңнан астам салық төлеушінің 137,7 мыңы ғана ҚҚС төлейді, бұл жалпы санының 6%-ы ғана. Олардың ішінде нақты ҚҚС төлейтіндер 88 мың немесе барлық салық төлеушілердің 4%-ы ғана құрайды.Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі атом электр станциясының құрылысын жеделдету, екінші атом электр станциясы салынатын жерді іздеуді тапсырды.

Снх. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Үкіметке  жаңа тариф саясатын жүзеге асыруды жалғастыруды жүктеді. Тарифтер нарық талаптарына сай болмаса, электр энергиясымен, жылумен және сумен үздіксіз қамтамасыз ету мүмкін емес деді. Елде жанар-жағар май бағасына қатысты өзгеріс орын алуы мүмкін.Снх. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Бас энергетик Сәтқалиев  алдағы ақпан айында бензиннің бағасы өсетінін айтады.

Снх. АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ-«Жанар-жағармай бағасына кезең-кезеңмен өсім болады деп күтілуде. Баға ақпан айында өседі. Жақынарада сұйытылған газдың бағасы біртіндеп өседі. Тауарлық газдың бағасы биылғы жазда өседі»Сөз арасында Президент халықтан келіп жатқан өтініш көп екенін айтты. Былтыр Президент Әкімшілігіне 50 мыңнан астам өтініш келіп түссе,  барлық мемлекеттік органдарға шамамен 4 миллион өтініш жолданған. Тоқаев бұл көрсеткіш халықтың өтініштері мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысында шешімін таппай жатқанын аңғартады, − деді.  Айта кету керек, көпшілік үкіметтің кеңейтілген отырысында министрлер кабинетінде өзгерістер болуы мүмкін деп болжаған еді. Алайда, бұл жолы министрлер мен әкімдер қата сыннан аман қалды.  Дегенмен президент үкіметке қазына қаржысын үнемдеуді тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.