0:00 / 0:00
Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Ғалым Ибатоллаұлы Бекқалиев пен БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Луара Қайрекенқызы Батырғалиеваның қатысуымен «Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін іске асырудағы кластерлік тәсіл» атты халықаралық форумның өту барысы» тақырыбында баспасөз мəслихаты өтті. Форум қарашаның 11-12-сі күндері Орал қаласында халықаралық деңгейде өтеді деп жоспарланып отыр.Аталмыш шараны БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы мен БҚО білім басқармасы ұйымдастыруда. Қазақстан Республикасының балалар - жасөспірімдер туризмі кластерінің қызметін насихаттау арқылы ішкі және кірмелік туризмін дамыту - форумның басты мақсаты. Жалпы, бүгінгі таңда облыста 14 балалар-жасөспірімдер туризмі орталықтары мен станциялары жұмыс атқарады. Балаларға туристік-өлкетану қызметі арқылы үздіксіз білім мен тәрбие берудің толыққанды жүйесі құрылды. Ресей Федерациясы және басқа да шетелдердің балалар ұйымдарымен халықаралық конференциялар мен іс-шаралар өткізуде тәжірибе жинақталып, халықаралық байланыстар қалыптасты. Сала мамандарыының сөзінше, бұл бастамаға өмірден өткен айда өтіп кеткен облыстық балалар жасөспірімдер туризмі және экологиялық ортиалығын басқарған Виктор Фомин Павовичтің үлесі орасан зор. Айта кету керек бүгінгі таңда облыс бойынша 3 мыңға жуық бала қосымша білім беру орталықтарына келіп бос уақыттырын ұтымды пайдаланып, таным көкжиектерін көркейтуде.