Күні бүгінге дейін еліміздің шекарасын 3000 астам шетелдік азамат кесіп өткен. Сала мамандары өткен жылы наурыз айында 2000 астам азаматтың елге келгенін айтады. 500 астам азамат алыс шетелден Оралға табан тірепті. ТМД елдерінен келген азаматтардың ішінде 1600 астам адам Ресейден, 710 азамат Өзбекстаннан келіпті. Сала мамандары еліміздің көші-қон заңнамасын өрескел бұзған 753 адамға әкімшілік хаттама толтырған. 47 азамат Қазақстан аумағынан шығарылды. Былтыр осы уақытта 26 адам елімізден шығарылған болатын.
Сурет https://azattyq-ruhy.kz/ сайтынан жүктелді