0:00 / 0:00
Қазіргі таңда екі кеменің басын ұстағандай болып, екі мемлекеттің де азаматтығын қатар алып жүрген адамдар көп. Қазақстан аумағында Қазақстан Республикасының азаматтығымен қоса өзге елдің азаматы атану қылмыс. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңның 3-бабына сәйкес мұндай жағдай еліміз көлемінде тіркелген жағдайда құқықтық жауапкершілікке тартылып, белгілі мөлшерде айыппұл төлейді, дейді сала мамандары.
Айта кетейік, «Азаматтық туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес өзге елдің азаматтығын алған адам отыз күн ішінде бұл жөнінде тиісті органдарға хабарлап, ҚР азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігін тапсыруға міндетті. Бұл заң талаптарын бұзған жағдайда ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 496-бабы 2-бөлігіне сәйкес 200 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе ел аумағынан шығарылады.
ҚАНАТ МҰҚАНОВ
ОРАЛ Қ. ІІБ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Үстіміздегі жылдың осы кезеңінде ҚР азаматтығынан айыру бойынша 597 факті тіркеліп, қос елдің азаматығын алған 20 тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар азаматтық туралы заңнамаға сәйкес өзге елдің азаматты саналатын 12 адам ел территориясына кіріп құжаттарын тиесілі органға уақытында тапсырмағыны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуына болмайды. Өкінішке орай бұл бүгінде елімізде кең етек алып отырғанымен өңірде мұндай мәселе азайған. Сала мамандарының айтуынша өткен көктемде қос елдің азаматтығын алған әйел ірі көлемде айыппұл төлеген.
ҚАНАТ МҰҚАНОВ
ОРАЛ Қ. ІІБ КӨШІ-қон ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫРесей азаматшасы «Л» бірнеше уақыттан бері Қазақстан қазынасынан заңсыз зейнетақы алып келген. Егде жастағы әйел сот алдында жауап берді. Азаматша 5 жыл бас бостандығынан айрылды. Дегенмен ол жазасын шартты түрде өтейтін болды.
2017 жылы Ел аумағында қосарланған азаматтық үшін шамамен 600 адам жазаға тартылса, біздің еліміздің азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен 30 мыңнан астам адам алған. Айта кету қажет қос елдің азаматын алып заңға қайшы әрекет еткендерді оңай жаза күтпесі анық.