Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО сотының төрағасы Бек Әметов сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша белгіленген жеті басым бағыт бойынша қолға алынған жұмыстар туралы айтып, «Үлгілі сот» басымдығы аясында Қаратөбе ауданында жаңа сот ғимаратының құрылысы басталғанын, ал Тасқала ауданында жаңа ғимарат салынатынын айтты. Қазіргі уақытта облыстағы соттардың жағдайын жақсарту, келушілерге қолайлы орта қалыптастыру, олардың тиесілі құқықтық қызметті уақытылы, қолжетімді алуына жағдай жасалуда. Тағайындалған істердің уақытқа сай өтуі, аудио-бейнеқұралдармен жабдықталуы да үлгілі сот қалыптастырудың бірден бір тетігі екені даусыз. Облыстық сот төрағасының айтуынша, биыл өңірде екі жаңа сот ғимараты бой көтереді. Олар Тасқала ауданындағы сот ғимараты және Қаратөбеде. Мәселен, Қаратөбеде мүлде сот ғимараты мүлде болмаған. Сонымен қатар қазіргі уақытта әділеттік органына жүгінуші тараптардың жұмысын жетлдіру мақсатында «түнгі сот» жұмысы да жанданып келеді. Сонымен қатар сот төрағасы Орал қаласының №2 соты мен Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты ғимараттарында пайдаланушыларға көрсетілетін сот қызметтерінің сапасын жақсарту мақсатында фронт-кеңсе ашу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.