0:00 / 0:00
БҚО-ның Қаратөбе ауданы Қоржын ауылында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға баспана кілттері табысталды. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.Су тасқынынан зардап шеккен өңірдің бірі - Қоржын ауылы. Бүгін жаңа қоныстарының кілтін алған Майлыбаевтар әулеті қоныс тойын тойлауда. Отбасында бір ұл, бір қызды тәрбиелеп отырған олардың қуанышында шек жоқ. Жаңа қоныс иелерінің қуанышымен бөлісуге облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа қоныстарымен құттықтады. Және осындай қиын сәтте қол ұшын созған еліміздің әр азаматы мен кәсіпкерлерге де рахмет айтып, алдағы жылы ауылдағы білім ошағы күрделі жөндеуден өтетінін де хабарлады. Жаңа баспана алып, жүздері жадыраған жұрт қиын кезеңде көмек қолын созған халыққа аудан, облыс басшылығына ауылдастары атынан шынайы алғыстарын жеткізді. Іс-шараға БҚО мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат депутаттары, мердігер компания басшылары, ауыл тұрғындары қатысты.