Бірінші топтағы мүгедек адам өлтірді деген айыппен сотталды. 71 жасар Хамит Кужбаев қарттар үйінде бір бөлмеде өмір сүрген көршісін өлтірген. Қайғылы оқиға ащы суды ішіп отырған кезде орын алған екен. Күдікті мен 61 жасар Утегалиев әңгіме барысында сөзге келіп қалады. Кейін марқұм үстелдің үстінде тұрған суық қаруды алып, Кужбаевтың оң қолына қарай ұрып қалған. Мұндайды күтпеген күдікті ашуға булығып, көршісінің жүрек тұсынан суық қарумен салып қалыпты. Марқұм сол жерде тіл тартпастан кеткен. Өз кезегінде күдікті Хамит Кужбаев кәнісін мойындамапты. Алайда, тергеу жұмыстары барысында куәгерлер жағдайдың мән-жайын айтып беріпті.