0:00 / 0:00
Бұл Мөңкеұлы көшесі 108/1 мекенжайындағы 9 қабатты тұрғын үй. 2013 жылы қолданысқа берілген. 73 пәтер бар. Дәлізі таза, барлық пәтер жылумен қамтылып отыр. Алайда осы үйдегі 31-ші пәтердің иесі жыл сайын төбеден аққан тамшымен күресіп келеді. Жалғызбасты ана 2014 жылы баласының мүгедектігіне байланысты арнайы санат бойынша үйді болыпты. Айына 10-мың теңгеден астам төлем жасайды.
Расымен жоғарғы қабаттан аққан су тамшыларының салдарынан қабырғалар сөгіліп, түс қағаздар ашылып кетіпті. Пәтер иесі не істерін білмей әлек. Қолғанат болар екі ұлы да мүмкіндігі шектеулі жандар санатында.
Су тамшылары жоғарғы пәтерден ағып жатыр дегесін аяқтай барып тексермекші болдық. Құлыптаулы есікті ешкім ашпады. Көршілердің айтуынша, бірден аңғарылмағанымен су ағып жатырғаны рас. Ал құбырлар еденнің астында қалған.
Осы үйдің тұрғыны Айжан Садықованың өз күшімен құбырларды ауыстыруға жағдайы жетпейтін көрінеді. Енді көршісінің үстінен арыз жазамын деп бекініп отыр. Егер арызы қабылданып, мақұлданса, жоғардағы пәтердің иесі құбырларды ауыстыруға міндетті болып қалмақ.