0:00 / 0:00
Бір жылға жуық уақыттан бері нәубетпен күрес жалғасын табуда. "Аурудан аман қалудың тәсілі-екпе алу",- дейді мамандар. Осы орайда облысқа Ресейде өндірілген Gam-COVID-Вaк вакцинасының 1000 дозасы жеткізілді. Өңірдегі 26 емхана тұрғындарға вакцина салуды бастап кетті. Алғашқы болып бұл екпені алған облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиев алды. Ол екпені қаладағы №1 емханада салдырды. Бұл Ресейлік «Sputnik V» вакцинасы. Вакцинациялау облыстағы 26 вакцинация пункттерінде жүргізіледі. Вакцина алған адам алғашқы 30 минут ішінде медициналық мекемеде дәрігерлердің бақылауында болады. Дәл осы кезеңде вакцинаға аллергиялық реакция байқалуы мүмкін. Облыстың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Арман Талғатұлы емханаларда респираторлық инфекциялардан қорғау шаралары қарастырылғанын атап өтті. Симптомсыз және жеңіл формадағы КВИ-мен ауырғандарға 2-4 апта ішінде, орташа және ауыр түрінде - қалпына келтірілгеннен кейін 6 айдан кейін вакцина егу ұсынылады. Әлемдік тәжірибеде кездескендей, КВИ-мен ауырғаннан кейін антиденелер 3-6 айдан кейін жоғалады, содан кейін адамның қайтадан инфекция жұқтыру қаупі бар. Вакцинация алдында КВИ-ге қарсы антиденелерге скринингі жасалмайды. Облыстың бас санитары Арыспаев тұрғындардың кем дегенде 50 пайызы вакцина алғанда карантин толықтай алынып тасталатынын мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл вакцинаны сатып алуға 50-ге жуық мемлекет өтініш білдірген. Алдымен медицина қызметкерлеріне вакцина салынуда. 1 наурыздан бастап, бірінші кезеңге енбеген орта мектептер, жоғары оқу орындарының мұғалімдері, медицина қызметкерлері қамтылады. Үшінші кезең мектеп-интернаттардың, балабақшалардың мұғалімдерін, оқушылар мен созылмалы аурулары бар адамдарды қамтиды. Халықтың осал топтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін ұсынылады.