0:00 / 0:00
Бүгін 14 наурыз- көрісу күні.Осынау күні қыстан шыққан ағайын бір-бірімен жадырай амандасып, бір жасыңмен деп тілек білдіреді.Бұл күні әр үйде дастархан жайылып, келгендер ас пен ақтан дәм татады.Аталмыш салт-жоралғы еліміздің тек батыс аймағында ғана сақталған. Осыған орай бүгін қала орталығында мерекелік шара өтті. Көрісу дәстүрі бүгінде тек батыста ғана сақталған. Ақжайық жұрты бүгін орталық алаңға жиналып мәре сәрі. Бір-бірімен қол жайып амандасып, ақ жарма тілектерін ақтара төгіп, ескі күнге салауат айтып, жаңа күннен бақыт күтуде. Бүгін шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз айы туды. Яғни көктемінің алғашқы күні болып саналғандықтан,қасиетті. Пенделікпен қателік жасағандар, кешірім сұрап,төс қағыстырып татуласады. Осынау орталық алаңға жиналған жұртты Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев та құттықтады.Көрісу күні- сәлемдесудің сауапты іс екенін жастардың санасына сіңіруге септігін тигізері хақ. Қол алысу, үлкеннен бата алу, адамдар арасындағы сыйластық, көрісу күнінің кейінгі ұрпаққа сабақ болатын қасиеті осындай.