0:00 / 0:00
Нефтебаза ауданында орналасқан көпір осыдан 40 жыл бұрын бой түзеп, өткен жылдың күзіне дейін азаматтарға қызмет етті. Өткен жылы қарашасында апатты деп танылып, жөндеу жұмыстарына жабылған еді. Жөндеу жұмыстарының құны 5 млрд теңге деп бағаланып отыр.
Құрылыс алаңында 30 шақты адам жұмыстануда. Қазіргі таңда көпір толықтай сүріліп, бұрғылау жұмыстары басталып кеткен.
Көпірдің құрылысы 2021 жылы аяқталады. Алайда, "Депо" көпірін тұрғызған мердігер компания өкілдері жұмысты барынша тез аяқтауды жоспарлап отыр. Жаңа көпірдің ұзындығы 1 шақырым, ені 14 метр, темір жолдағы қауіпсіздік ережесіне сәйкес биіктігі 7,5 метр болады деп күтілуде.