0:00 / 0:00
Қалалық көпбейінді аурухана ғимаратын 2020 жылдың қараша айында ТЖД қызметкерлері тексерген еді. Сол кезде азаматтық қорғаныс туралы заңнаманың талаптарын сақтамады деген хаттама толтырылған. Ол бойынша медициналық мекемеде арнайы эвакуциялық жер асты орны болуы тиіс. Ал медициналық орталықтың жобасында ондай арнайы орын қарастырылмаған.
Жалпы, облыстық балалар ауруханасында, тіпті коронавируспен ауырған науқастарды емдеуге арналған жаңа жұқпалы аурулар стационарында да бұндай орындар жоқ екен. Дәрігерлер болса, бұл жағдай айыппұл салудың жаңа тәсілі дегенді алға тартады. Айтуларынша, шаһардағы ірі нысандардың басым бөлігі жер асты қорғаныс нысанымен қамтылмаған. "Енді оларлың барлығы айыппұл арқалай берсе, не болмақ?"- дейді ақ халаттылар.
Төтенше жағдайлар департаменті болса азаматтық қорғаныс туралы заңнаманың талаптары құпия сақталады деп қысқа қайырды. Оның үстіне эвакуациялық жер асты жолы болуы тиіс объектілердің тізімі жария етілмейді деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, құтқарушылар қаладағы эвакуациялауға арналған арнайы жер асты орындарының саны мен орналасқан жерін де нақтыламады.