Мұхит көшесі 78/1 мекен жайы бойынша орналасқан көп қабатты тұрғын үй 3- қазан күні қызыл жалынға оранды. Бұл туралы ақпар жергілікті уақыт бойынша 18:20да жедел басқару орталығына хабар келіп түседі. Өрт сөндірушілер оқиға орынына жеті минут өткен соң, жеткен. Кешкі сағат жетілер шамасында өрт толықтай ауыздықталыпты. Қызыл жалынды сөндіру барысында 30-ға жуық азамат қауіпсіз жерге көшірілген. Тілсіз жаудан 1958 жылғы азаматша қатты жапа шегіп, облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, үшінші қазан күні шаһар аумағында тағы бір өрт оқиғасы тіркелген. Оқиға Матросов көшесінің бойында орналасқан көп қабатты тұрғын үйде тіркелген. ТЖД аталмыш мекен-жайда жеке заттардың жануы туралы хабар келіп түседі. Аталмыш қызыл жалынның салдарынан жапа шеккен адам жоқ. Екі өрттің шығу себептері шығындары мен кінәлі тұрғалар анықталу үстінде.