0:00 / 0:00
Тәуелсіздік күнінде 180 батысқазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады. Көптен бері жаңа баспанаға көшуді армандап жүрген азаматтардың қуанашында шек болмады. Көп қабатты тұрғын үй Зашаған кентінде орналасқан. Мереке күндері қуанышы еселене түскен азаматтарды облыс әкімі құттықтады.
Тәуелсіздік күнінде 180 отбасы жаңа баспананың кілтіне ие болды. Су жаңа көпқабатты тұрғын үй Зашаған кентінде орналасқан. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталыпты.
Қоныс тойын тойлап жатқан жандардың қатарында Бақтылы Сапарова да бар. Кейіпкеріміз көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрған. Ақ жаулық ана тіпті күдерімді үзіп, пәтер алам деген арманым орындалмайтын шығар деп ойлағанында жасырмады.
Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облыс орталығында тағы 15 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Олардың 3 пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арналған. Жобаны жалпы құны 20,7 млрд теңгені құрайды.