Елімізде төтенше жағдай орнап, карантин талаптары күшейтілгеннен бері "109" қызметіне хабарласып, сауалдарын жолдаған тұрғындардың қарасы қалың. Күніне аталмыш қызметке 1400 -ге жуық азаматтың қоңырауы келіп түседі. Төтенше жағдайдың кезінде қоңыраулар 3-4 есеге дейін артқан. Сала мамандары бұқараны қала аумағында жүріп-тұру, мемлекеттен берілетін көмек, волонтерлердың көмегі, саяжайға қалай баруға болады, 42 500 теңге болатын жәрдемақының төленуі, коммуналды қызметтердің жұмысы сынды сауалдар толғандырып отыр дейді. Азаматтардың сұрақтарына тікелей жауапты мекеменің қызметкерлері жауап беретін қызметті іске қосылыпты. Мамандар азаматтардың сұрағына жедел штабтың қабылдаған шешімі аясында жауап береді.