Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КОНСТРУКТОР» КӨЛІКТЕРДІҢ ИЕЛЕРІ БАС КӨТЕРДІ

c 19:03, 17/01/2023 c 66

0:00 / 0:00

Астанада «конструктор» яғни елге бөлшектеліп әкелінген көліктердің иелері бас көтерді. Наразы топтың айтуынша, олар бұл көліктерді сатып алу барысында бөлшектеліп әкелінгенін білмеген. Сондай-ақ бұл заңсыз болса, қалайша кеденнен өттік, салық , айыппұл төлегеніміз де заңсыз ба деп даурықты. Ал жүргізушілердің алдына шыққан әкімшілік полиция өкілі «конструктор» көліктердің заңдастырылмайтынын айтты.

Наразы топтың назын тыңдасаңыз, олар темір тұлпарын сатып алғанда елге бөлшектеліп әкелінгенін білмеген. Дегенмен, автокөлігі үшін салық төлеп, ережені бұзған жағдайда айыппұл өтеп келген.

Құзырлы орган өкілдері «Конструктор» деп танылған автокөліктерді заңдастыру кезінде тіркеуге алмайды. Себебі бұл көліктердің ешқандай құжаты жоқ. Бұл көліктер басында шекара арқылы Қазақстанға заңсыз кіргізілген. Сондықтан бұл көліктер тіркеуге жатпайды. Ал енді осы көліктерді алып келген және оны әрі қарай сатқан кісілер бұл көліктердің заңсыз екенін біледі деп отыр. Алайда, көлік иелері бұдан хабарымыз болған жоқ дейді.

Ішкі істер министрлігі шет елден бөлшектеп әкелініп, құрастырылған көліктер заңдастырылмайды деп отыр. Олар мұндай темір тұлпарларды қайта бөлшектеп, сатып жіберуге кеңес береді. Өйткені, 1-ші шілдеден кейін тәртіп қатаңдайды. Қазір елде мұндай шамамен 5 мың автокөлік жүр.

Ішкі істер министрлігі шетел машиналарын заңдастыру биыл бірінші шілдеге дейін жүргізіледі деді. Талап бойынша көлік іздеуде болмауы керек. Көлік 2022-інші жылдың бірінші қыркүйегіне дейін Қазақстан аумағына кіргізілген болуы тиіс. Сондай-ақ қай елде тіркеуде тұрса, сол елден тіркеуден шығуы тиіс, кедендік тексеруден өтуі қажет. Ал, көліктің рөлі қай жақта орналасқаны, жылы маңызды емес. Министрлік бұл соңғы заңдастыру деп отыр. Осы науқан аяқталғаннан кейін, арнайы рейд жүргізіледі. Заңдастырылмаған көліктерге айыппұл салынып, айып тұрағына тоғытылады. Ал бүгін шулап жүргендердің көліктері не ресейде, грузия, арменияда есепте жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.