0:00 / 0:00
Абаттандырудың кемшін тұстары. Орал қаласының Солтүстік-Шығыс ауданының тұрғындары өз аулаларын абаттандырған мердігерлер жұмысына көңілдері толмай отыр. Биыл қалада 29 ауланы абаттандыруға 500 млн. теңге бөлінген болатын. Арна тілшісі атқарылып жатырған жұмыстар барысымен танысып, тұрғындардың жан айқайын тыңдап қайтты.
Солтүстік-шығыс ауданы 23 және 21ші үйлердің ауласы биылғы жылы жоспарланған 29 ауланың қатарына еніп, абаттандырылған. Бұл жерде жұмыс бір ай бұрын басталған екен. Тұрғындарға мердігерлердің тек жоба бойынша атқарамыз деген жұмысы ұнамай отыр.
Бұл ауданда тұратын мүмкіндігі шектеулі жандар көп екен. Олар жол төселеді дегенді естігенде ерекше қуанғандардың бірі. Алайда төселген жол тегіс емес, балабақша мен мектепке баратын жаяу жүргінші жолы қарастырылмағанына өкпелері қара қазандай.
Биыл 46 көп қабатты үй орналасқан ауланы абаттандыруға 500 млн. теңге жұмсалуы көзделген. Қазір жоспар 70 пайызға орындалыпты. Алдағы жылы тағы 25 алану абаттандыру күтіліп отыр.
Орал қаласында 346 тұрғын үй ауласы болса, оның 279-ы абаттандырылған.