0:00 / 0:00
Тың жоба тұтынушылардың қаржысы мен уақытын үнемдейді. Аталмыш жүйе 1 желтоқсаннан бастап күшіне енбек. Бірыңғай төлем құжаты бұған дейін Астана, Алматы, Қызылорда қалаларында енгізілген болатын. Енді келесі айдан бастап оралдықтар да жаңа үлгідегі түбіртікке қол жеткізбек. Бірыңғай төлем құжатының тиімділігі көп. Біріншіден бір түбіртек арқылы комиссиялық шығыстар үнемделеді. Яғни суық әрі ыстық су, жылу және электр энергиясы пәтер иеленуші кооператив қызметінің ақысы бір құжатқа тоғысқан. Бұл әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындардың шығынын үнемдеуге үлкен үлес. Тұтынушылар коммуналдық қызметінің ақысы үшін терминал төлемдері арқылы да есептесе алады. Тек арнайы ережелерді ескерген жөн. Жаңа жүйені қалалықтар да тиімді есептейді. Енді бұл жүйеге телефон байланысы төлемдерін де енгізу жоспарланып отыр. Қазір бірнеше тараппен келіссөздер жүргізілеуде.