Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коммуналдық мекеме жаңа техникамен толықты

c 10:34, 09/08 c 32

0:00 / 0:00

Орал қаласында коммуналдық кәсіпорын жаңа техникамен толықты. Шаһар тазалығына жауапты компания 4 камаз бен 6 трактор сатып алды. Мердігер компания соңғы бес жылдың ішінде тозығы жеткен техниканың 80 пайызға жуығын алмастырыпты.

Осыдан үш жыл бұрын қала әкімдігі шаһардың тазалығын "Жайық таза қала" мекемесіне сеніп тапсырып, келесім шартқа қол қойылды. Компания облыс орталығының санитарлық жағдайына жауапты. Бұл үшін бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Мердігер компания келісімшарт аясында жыл сайын техникасының 5 пайызын жаңартуы тиіс. Осы талаптарды орындаған мекеме биыл су жаңа 6 трактор мен 4 камаз сатып алды.

Коммуналдық мекеме осыдан 8 жыл бұрын жекенің қолына өтті. Бірнеше жылдан бері техникасының басым көпшілігін жаңалап үлгерді. Қазіргі таңда 200-ден астам темір тұлпар шаһардың тазалығына жұмылдырылады. Мекемеде 700-ден астам қызметкер жұмыс істейді.

Мердігер компания қысқы дайындық жұмыстарына кірісіпті. Қосымша жеке кәсіпорындардан 250-ге жуық техниканы жалға алу бойынша келісімшарт жасақтапты. Қыста жолға төсейтін құм мен тұздың қорын жинақтауды аяқтай келген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.