Қазақстанның "Ұлттық банкі" кезекті мәрте коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. 25-ші желтоқсанға қалың көпшілікке жол тартқан монеталардың бірі белгілі суретші Әбілхан Қастеевтың "Бүркітші" картинасына арналған. Оның номиналы 500 теңгені құрайды. Белгілі суретшінің туындысы салынған монета күмістан жасалған. Сондай-ақ, мелхиордан жасалған үш монетада жарыққа шықты. Олар қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин Бейімбет Майлин және Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл толуына коллекциялық монеталар шықты. Олардың номиналы 100 теңгені құрайды.