0:00 / 0:00
БҚО білім беру саласында туындаған түрлі сауалдарға арналған колл орталық өз жұмысын бастады. Азаматтар білім беру саласында толғандырған сұрақтарын 23-46-77 телефон нөміріне қоңырау салып, жолдай алады. Сала мамандары аталмыш шара бұқара халықтың сауалдарын уақыт жоғалтпай шешуге арналғандығын айтады. Колл орталық өз жұмысын 2-ші қыркүйектен бастаған еді. Әзірге азаматтар бір-ақ сауал жолданыпты. Шағымданған азаматтың мәселесі 2-3 сағатта өз шешімін тапқан.