6 желтоқсан күні кешқұрым Астана шағын ауданы 5/1 мекенжайындағы көппәтерлі үйдің ауласында тойота камри көлігі өртеніп кетті. Төтенеше жағдайлар департаментінің мамандарының таратқан ақпаратына сүйенсек, оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің бір бірлік техникасы мен 5 жекеқұрамы 9 минутта жетіп 32 минутта жетіп толықтай құрықтаған. Бүгінде оқиғаның мән жайы анықталу үстінде.Өрттің шығу себебі, кінәлі адам, келтірілген шығын анықталуда. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады. Онда үстіне ақ киім киген адамның автокөлікке от қойып, қашып кеткені анық көрінеді.