Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көпір жабылды, кептеліс күшейді

c 13:07, 01/11/2018 c 700

0:00 / 0:00

Көпір жабылды, кептеліс күшейді.Бүгін Оралдықтар көшедегі ұзын сонар кептелістің жүйкелеріне тигендерін айтады.Себебі Орал шаһары негізі көлік кептелісі көп бола бермейтін қала, сондықтан автокөлік жүргізушілері еркін жүріп үйренген.Ал, бүгін нефтебаза ауданындағы көпірдің жөндеу жұмысына жабылуы себепті адамдар ала таңмен біраз әбігерге түсті.

Көпір жабылды, білетіндер көпір өз жұмысын 31 қараша түнгі 12 де тоқтатты деседі.Қалай болғанда да бүгін таңмен Орал қаласындағы көлік кептелісі біраз адамның жүйкесіне тигені сөзсіз.Көлік көп жүреді- ау делінген көшелерде көшедегі көлік қозғалысын реттейтін арнайы мамандар да ала таңмен жұмыс жасап тұр.Соған қарамастан көлік кептелісі көп.Оралдағы көпір жабылса, осындай кептелістің боларын білген қала билігі кептелісті азайту үшін жаздай қажетті шаралар жасалғанын атап өткенді.
Қазір қалада 16 оң бұрылыс бар.Олар көшедегі автокөлік қозғалысын жеңілдету үшін жұмыс жасайтын болады.Ал, көпірге келсек, бұрын екі жолақты болған көпір жөндеуден кейін төрт жолақты болып, ұзындығы да артып машинаның қозғалысына біраз тиімді болмақ.Көпірдің жабылуына байланысты қазір осы маңдағы кейбір көшелердегі автомобил қозғалыстарына өзгерістер енген.

 

Камшат Рахым, БҚО ІІД қызметкері:
Көпірдің құрылыс жұмыстарына жабылуына байланысты көлік қозғалысында кейбір өзгешеліктер болады.Мысалы Мұнайшылар,Чурикова және Есенжанова көшелерінде бұрын көлік бір бағытта жүрген болса, енді олар қарама- қарсы бағытта қозғалатын болады.

Айта кетейік көпірдің құрылыс жұмыстары екі жылға жоспарланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.