Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көлік ұрлығы: кінәлі кім?

c 16:46, 30/06/2020 c 608

0:00 / 0:00

Асхат есімді азамат жұмысқа қатынау үшін ағасының темір тұлпарын қолдануға мәжбүр. Өйткені оның көлігін әлдекім ұрлап кеткен. 12 маусым- жаңа жұмыс күні Асхат Молдашев үшін жайсыз хабардан басталды.
Лада Приора маркалы автөлікті ағымдағы жылдың наурыз айында Ақтөбеден алып келген. Темір тұлпарына жаңа дискі де салып үлгеріпті. Көлік соңғы үлгіде болғандықтан дабыл ойнағыш құралдары орнатылған. Қалайша ұрланып кеткені түсініксіз дейді иесі. Ай мен күннің аманында көлігінен айырылып, сан соғып қалған жүргізуші жоғының дер кезінде табылмай жатқанындығына қынжылады. Өйткені сол маңда орнатылған бейнекамераға ұрлық сәті түсіп қалған.
Асхаттың көршісі түнгі 11 шамасында автокөлігін ұрланған машинаның қасына қойғанын айтады. Күдік туғызарлық ештеңе байқамадым дейді. Асхат Молдашев көшеде кетіп бара жатқан бірнеше көліктер арасынан мемлекеттік нөмірі өзгертілсе де өз көлігін танып қалған. Дереу 102 хабарласып мән-жайды түсіндіргенімен ешқандай әрекет жасалмапты. Ал бірнеше күн бұрын Подстепный ауылына апарар жолдан ұрланған темір тұлпардың құжаттары табылған. Тәртіп сақшылары осы жағдай бойынша іздеу шаралары жүріп жатыр дегеннен аспады. Жалпы 2020 жылдың 5 айында қала ішінде 51 көлік ұрлығы тіркелсе, соның тек 5 жағдайы ашылмай отыр.
Көлік ұрлау қылмысы жыл сайын қарқынды түрде өсіп жатқаны байқалады. Ұрланған темір тұлпарлардың 45-50 пайызы ғана табылып, иелеріне табысталады екен.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.